Басты бет / Басқа түрлер / АРДАГЕР САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 

Хорватияның Пореч қаласында самбо күресінен ардагер шеберлер арасында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Жасы егде тартса да күрес өнерін тастамайтын ардагерлер қашанда көпке үлгі екені анық. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы 2 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды.

55-59 жас аралығында өткен жарыстың 62 келі салмағында Мұсабеков Алмаз алтыннан алқа тақты. 65-тен жоғары жаста Веклич Анатолий де қарсылас шыдатпады.

50-54 жас аралығында Егамбердиев Сұнатқұл қола жүлдегер атанды. 55-59 жас аралығында Құрмашев Қазболат (68 келі), Әміренов Сейілхан (82 келі) және Брамонтов Сергей (120 келі) қола медаль иеленді. 60 жастан жоғары шеберлер арасында Сейдағаламұлы Орынбек те қола жүлдегер.

Сондай-ақ

ТАЭКВОНДОШЫ НҰРЛАН МЫРЗАБАЕВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық таэквондошы Нұрлан Мырзабаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. 80 келі салмақта сынға түскен …