Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашысы, қорғаушысы, жартылай қорғаушысы, шабуылшысы және ойыншысы аталды.
Ойыншыларды өткен маусымда топтық кезеңге қатысқан 32 команданың бапкерлері және 55 тілші таңдады.
Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашысы деп «Реал Мадридтік» Кейлор Навас атанды. Навас 11 ойында 13 гол ғана жіберіп, командасынмен үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.
Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қорғаушысы деп «Реал Мадрид» клубының капитаны Серхио Рамос атанды. Рамос 11 ойында бір гол соғып, үш сары қағаз алған еді.
Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік жартылай қорғаушысы деп «Реал Мадрид» клубының ойыншысы Лука Модрич атанды. Модрич 11 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, үш сары қағаз алған болатын.
Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік шабуылшысы деп, алдыңғы маусымды «Реал Мадрид» клубында өткізген Криштиану Роналду танылды. Роналду 13 ойында 15 гол соғып, үш нәтижелі пас беріп, екі сары қағаз алды. Сондай-ақ, Криштианудың голдары «Реал Мадрид» клубына үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануға септігін тигізген болатын.
Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік жартылай ойыншысы деп «Реал Мадридтік» Лука Модрич атанды. Хорватиялық ойыншы бұл аталымда «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах және қазіргі уақыттағы «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду сынды ойыншылардан басым түсті.
Суреттер: Uefa.com сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт