Рио Олимпиадасы жақындаған сайын қиындықтар да пайда болуда.
Бразилия еліндегі саяси шиеліністер, халықтың тұрмыс-тіршілігі төрт жылдықтың басты бәсекелеріне тікелей байланысты екені анық. «Оңтүстік Америка құрлығындағы Олимпиада ойындары қалай өтеді?» деген сұрақ бүгінгі күні көп талқыға түсуде.
- Ойындарға санаулы күн қалғанда желкенді қайықшылар сайысатын орталықтың ғимараты жел әсерінен қирап қалды. Зардап шеккендер жоқ.
- Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Томас Бах Олимпиада ауылындағы өз бөлмесінің есігін аша алмай қалды.
- Олимпиада ауылына спортшылар келіп жатқынымен құрылыс жұмыстары қатар жүруде.
- Австралия құрамасы жатқан бөлмелердің бірінен өрт шыққан. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталғанымен, Австриялықтардың номердегі көптеген заттары ұрланып кеткен.
- Копакабана жағажайындағы телестудия суға кеткен.
- Бірлескен террорлық топ ойындар кезінде бүлік шығаруды көздеген.
- «Зика» атты вирустың пайда болуына байланысты біраз спортшылар Олимпиадаға келмей қойған.
- Атлеттердің допинг дауы әлі күнге дейін шешілмей отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 5 тамыз күні әйгілі Маракана стадионында өтеді, ал ойындар 21 тамызда аяқталады
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт