Франция чемпионатының 3-ші кезеңі аясында «ПСЖ» өз алаңында «Анжерге» қарсы ойын өткізді.
12-ші минутта-ақ алаң иелерінің шабуылшысы Эдинсон Кавани гол соғып есеп басын ашты. Бірақ, «Анжер» командасының ойыншысы Тома Мангани пенальтиден гол соғып, есепті тез арада теңестірді.
Нәтижесінде «ПСЖ»-ға жұлдызды үш шабуылшысының, басқа екі өкілдері, Килиан Мбаппе мен Неймардың соққан голдары жеңіс әкелді.
«ПСЖ» 3:1 «Анжер»
Голдар: 12′ Кавани, 52′ Мбаппе, 66′ Неймар – 21′ Мангани.
«ПСЖ»: Ареола – Керер (Нсоки 46′), Тиаго Силва, Кимпембе – Маркиньос, Рабьо, Ди Мария (Дракслер 85′), Менье – Кавани (Нкунку 73′), Мбаппе, Неймар.
«Анжер»: Бютель – Павлович, Траоре, Манко, Ндойе – Рен-Аделаид (Эль-Мелали 76′), Мангани, Фюльжени (Канга 61′), Те – Сантамария, Капель (Аит-Нури 82′).
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт