Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: ПІРМАММАД ӘЛИЕВ БАТУТТА СЕКІРУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

АЗИАДА-2018: ПІРМАММАД ӘЛИЕВ БАТУТТА СЕКІРУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстан Азия ойындарындағы 55-ші медалін жеңіп алды.

Пірмаммад Әлиев батутта секіруден қола жүлдегер атанды. Әлиев іріктеу кезеңін 103.470 ұпаймен алтыншы орында аяқтаған.

«Бұл мен қатысып отырған екінші Азия ойындары. Инчхонда бесінші орыннан көрінгем. Осы аралықта дайындықты үдетіп, медаль алуды басты мақсат еттік. Еңбегіміздің зая кетпегені қуантады. Бүгін үздіктер қатарына ендім», — дейді Пірмаммад Әлиев.

Финалдық кезеңде спортшыға тек бір мүмкіндік беріледі. Төрешілер Әлиевтің өнерін 57.460 ұпайға бағалады. Бұл үздік үштік қатарына ену үшін жеткілікті.

Алтын және күміс жүлделер Қытай спортшыларының еншісінде.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы …