Франция чемпионатының 4-ші кезеңі аясында «ПСЖ» сырт алаңда «Нимге» қарсы ойын өткізді.
«ПСЖ» кезекті үшінші ойында өз қақпасына гол жіберіп алды. Бұл жолғы жеңіс париждік клубқа оңайға соқпады.
Ойын тең есеппен өтіп жатқанда, француздық жас жұлдыз Килиан Мбаппе 77-ші минутта гол жеңісті голды соғып, кездесудің соңында өзін шалған ойыншыны итеріп жіберіп алаңнан қуылып кетті. Әрі бұл ісі үшін өкінбейтіндігін айтты.
«Ним» 2:4 «ПСЖ»
Голдар: 63′ Бобишон, 71′ Саванье (пенальтиден) — 36′ Неймар, 40′ Ди Мария, 77′ Мбаппе, 90′ Кавани.
«Ним»: Бернардони — Паки, Алакуш, Ландр, Бриансон, Саванье, Валль (Бозок 87′), Диалло (Бобишон 46′), Рипар, Гийом (Депре 66′), Тиуб.
«ПСЖ»: Ареоля — Кимпембе, Тиаго Силва, Менье, Маркиньос, Нсоки (Керер 67′), Ди Мария (Дракслер 83′), Рабьо, Кавани, Мбаппе, Неймар (Нкунку 90′).
Алаңнан қуылғандар: 90′ Саванье — 90′ Мбаппе.
Сурет: «ПСЖ» клубының Twitter парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт