Басты бет / Tukeshov Team / БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ТИТУЛДЫҚ КЕЗДЕСУДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ТИТУЛДЫҚ КЕЗДЕСУДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (8-0, 7 КО) титулдық кездесуіндегі қарсыласын жариялады.

Бобыржан Момынов Instagram парақшасында хабарлауынша, 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Бобыржан Момынов WBC ABCO Continental және NBA Internatcional тұжырымдарындағы белбеулер үшін, филиппиндік Джанджеси Ибгоспен (13-3, 11 КО) шаршы алаңда кездеседі.

Айта кетсек, 25-ші тамыз күні Индианаполис қаласындағы «Tyndall Armory» спорт кешенінде, Бобыржан Момынов қарсыласы жергілікті 37 жастағы боксшы Брайн Тиммонсті (6-9, 5 КО) бірінші раундының екінші минуты аяқталар тұста нокаутпен жеңген болтын.

Сурет: «bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …