«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекке арнайы түсірілген «Кері есеп» атты деректі фильмді көрсетті.
Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді. Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.
Астана уақыты бойынша, 16-шы қыркүйек күні, отандық «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.
Головкин бұл жекпе-жекте өзінің барлық белбеулерін тігеді. Сондай-ақ, қос боксшы The Ring нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін және WBC президенті жасатқан арнайы белбеуді сарапқа салады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт