Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ресми сайтында 2018-шы жылдың тамыз айына жаңартылған рейтингті жариялады.
Жаңартылған рейтингте бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам (25-0, 20КО) жоқ. Бір ай бұрын бірден саты төмендеп, оныншы орында тұрақтаған болатын.
Жыл басында Қанат өз салмағындағы WBA рейтингінде көш бастап, WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы белбеуіне таласуы үшін, қауымдастықтан міндетті қарсылас тағайындаған болатын. Бірақ, белгісіз себептермен қос тарап бір келісімге келе алмады.
Қанат Ислам, соңғы жекпе-жегін Астана қаласында өткізіп, 9-шы раундта канадалық боксшы Брэндон Кукті нокаутпен жеңген болатын. Ал шаршы алаңға 23-ші маусымда АҚШ-тағы бокс кешінде қайтып оралуы жоспарланған, бірақ оқу-жаттығу барысында аяғынан жарақат алып жекпе-жек өтпейтін болды.
Қанат, ақпан айында The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017-шы жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт