Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ЛИВЕРПУЛЬ» ҚАТАРЫНАН ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«ЛИВЕРПУЛЬ» ҚАТАРЫНАН ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ағылшын Премьер-лигасының 4-ші кезеңінің алғашқы ойынында «Лестер» мен «Ливерпуль» кездесіп, мерсисайдтықтар 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Ағылшын Премьер-лигасы 2014/2015 маусымының чемпионы «Лестер» өз алаңда «Ливерпульдің» жұлдызды үштігіне төтеп бере алмады.

Ойынның бірінші голын 10-шы минутта Садио Мане соқты. Алаң иелері мардымды бір шабуыл жасай алмай жүрді, тек бірінші таймның соңына жақын өз ойындарын тапқандай болды. Бірақ, Роберто Фирмино бұрыштама көтерілген допты, баспен қақпаға дәл бағыттап, есепті 0:2-ге жеткізді.

Әйтеуір екінші таймда, «Лестер» шабуылшысы Келечи Ихеаначо қонақтардың қақпашысы Алиссонның қателігін сәтті пайдаланып, допты Рашид Геззальға берді, ал Геззаль өз кезегінде допты бос қақпаға бағыттап, есепті қысқартты. Кездесудің қалған бөлігінде ешкім гол соға алмады.

Осылайша, «Ливерпуль» қатарынан төрт ойында жеңіске жетті. Ағылшын Премьер-лигасында «Ливерпуль» 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

5-ші кезеңде «Ливерпуль» сырт алаңда «Тоттенхэммен» кездеседі.

«Лестер» 1:2 «Ливерпуль»

Голдар: 63′ Геззаль — 10′ Мане, 45′ Фирмино.

«Лестер»: Шмайхель – Перейра, Эванс, Магуайр, Чилвелл – Ндиди, Менди – Олбрайтон (Ихеаначо 61′), Мэддисон (Амарти 83′), Грей (Оказаки 76′) – Геззаль.

«Ливерпуль»: Алиссон – Александер-Арнольд (Матип 89′), Гомес, ван Дейк, Робертсон – Вейналдум, Милнер, Хендерсон (Кейта 71′) – Салах (Шакири 71′), Фирмино, Мане.

Сурет: «Ливерпуль» клубының Twitter парақшасынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …