Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «РЕАЛ МАДРИДТІҢ» ҚОС ЖҰЛДЫЗЫ КОМАНДАСЫН ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

«РЕАЛ МАДРИДТІҢ» ҚОС ЖҰЛДЫЗЫ КОМАНДАСЫН ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Испания чемпионатының 3-ші кезеңі аясында, «Реал Мадрид» өз алаңында «Леганесті» ешқандай қиындықсыз жеңіп, кезекті үш ұпайды алды.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесуде, жазда «Реал» шамамен 40 миллион еуро төлеп сатып алған 26 жастағы қақпашы, Тибо Куртуа жаңа командасындағы алғашқы ойынын өткізді.

Бұл ойында, Криштиану Роналду басқа клубқа кеткелі, өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсетіп жүрген Бэйл мен Бензема, кезекті рет голдар соқты. Гарет Бэйл қатарынан Испания чемпионатындағы жетінші командаға гол соқты.

«Реал Мадрид» 4:1 «Леганес»

Голдар: 17′ Бэйл, 49′, 61′ Бензема, 66′ Рамос (пенальтиден) — 24′ Каррильо.

«Реал Мадрид»: Куртуа — Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело — Модрич (Иско 62′), Каземиро, Кроос — Бэйл (Васкес 85′), Бензема, Асенсио (Себальос 78′).

«Леганес»: Куэльяр – Хуанфран, Бустинса, Сиовас, Дж. Силва – Гумбау, Перес — Эль Жар (Эн Незири 70′), Эрасо (Весга 69′), Сантос (Ролан 81′) — Каррильо.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …