Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.
15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кеші өтеді.
Бастапқыда Айдос Ербосынұлы, екінші орта салмақта WBC ABCO Continental тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуі үшін, әзербайжандық боксшы Руфат Хаджиевпен (7-0, 7 КО) жекпе-жекке шығатыны хабарланған еді.
Енді, WBA ASIA COUS тұжырымы бойынша Азия чемпионы Айдос Ербосынұлы жаңа қарсыласы беларусиялық Александр Сущицпен (22-4, 12 KO), WBC ABCO Continental тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін сарапқа салады.
Естеріңізде болса, Айдос Ербосынұлы 7-ші шілде күні Астанада өткен бокс кешінде, әзербайжандық Исмат Эйнуллаевты 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA ASIA COUS белбеуінің иегері атанған болатын.
Сурет: «Prof_kz_tukeshov» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт