Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЛТЫНҒА ТАТИТЫН ҚОЛА. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ

АЛТЫНҒА ТАТИТЫН ҚОЛА. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері Ризат Мақашев Джакарта мен Полембанг қалаларында өткен (Индонезия) XVIII-ші жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан  қола медальға ие болды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ризат 3 жыл бойы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет атқарып келеді. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, тәртіп пен уақытты талап ететін жаттығулардан қалмай, кешкі уақытта  өзінің Checkmat Kazakhstan клубында қара белбеу иесі жеке бапкері Бек Али Ержанның қол астында жаттықты.

Азия ойындарында үшінші орын үшін Ризат өзбекстандық Илхом Джуроевтан ұтылып жатып, жігерлік танытты. Осылайша ол қарсыласынан басым түсіп, 94 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының  қола жүлдегері атанды.

Айта кетер жайт, бұл Ризаттың алғашқы медалі емес. Ол 2014  жылы Абу-Дабида өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ, Қазақстан чемпионатымен, өзгеде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегері.

Ол осымен өзгелерге мемлекеттік қызметкер болып та көптеген жетістіктер мен алға қойған мақсаттарына жетуге де болатыныдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …