Орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), Астана қаласының «Барыс Арена» стадионында өткен хоккей ойынын тамашалап, халықтың қошеметіне ие болды.
Геннадий Головкин, «Барыс» және «ЦСКА» клубтары арасында өткен ойынға Қазақстан хоккей федерациясының басшысы Асқар Мамин, ҚР ҰОК басышысы Тимур Құлыбаев пен спорт және мәдиниет министірі Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге келді.
Ойындағы үзіліс кезінде GGG ойынға жиналған халықтың қошеметіне ие болды.
«Үйде жылы қарсы алғандарыңыз үшін барлығыңызға рахмет!» — деп, Головкин ойыннан кейін Instagram парақшасында жазды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл күндері Головкин туған жерінде сапар жүр. Ертең, 5-ші қазан күні, Алматы қаласында «Технодом» ұйымдастыратын баспасөз мәслихатында болып, қолтаңба беретін болады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт