«Фламенго» клубының жас жартылай қорғаушысы Лукас Пакета «Милан» клубына ауысуға жақын.
Италиялық клуб 21 жастағы жартылай қорғаушы үшін «ПСЖ» және «Барселона» клубтарымен бәсекелестікте жеңіске жетті. Келіссөзді «Милан» клубының директоры Леонардо жүргізген.
Сатып алу соммасы 35 миллион еуроны құрамақ. Осы аптада ойыншы ауысымды толықтай жабу алдында медициналық тексерістерден өтеді.
Пакета «Фламенго» клубының бірінші құрамасында 2016-шы жылы алғашқы ойынын өткізді. Осы жылы ол бірінші рет Бразилия ұлттық құрамасына шақырту алған болатын, бірақ әзірге бірде-бір ойынға қатыспады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт