Басты бет / Басқа түрлер / «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

«ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

«Жұлдызай» спартакиадасының қалалық іріктеу кезеңінде Алматы құрамасы құрылды

«Жұлдызай» XII республикалық фестивалінің аясында Алматыда Спартакиаданың қалалық іріктеу кезеңі мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өтті.

Қыздар мен ұлдар «Динамо» стадионында спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі мен асық атудан белгілі ережелер бойынша додаға түсті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Байсеитов, «BI Жұлдызай» қоры жетекшісінің орынбасары Алтынай Тәңірберген мен «Олимпионик» қорының директоры Ақан Зейнулла қатысты. Олар қатысушыларға алғысын білдіріп, жарқын жеңіс тіледі:

— Құрметті спорт әуесқойлары бүгін «Динамо» стадионында үлкен мереке өтіп жатыр. Алматыда мамырдың 30-ы мен 31-і күні өтетін шешуші кезең еліміздің түкпір-түкпірінен келетін үздік ұжымдар арасында өтеді. Сіздер туған қалаларыңыздың намысын осындай ауқымды шарада қорғайсыздар. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік пен жарқын жеңіс тілеймін, — деп сөзін аяқтады Рүстем Байсеитов.

Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің эстрада жұлдыздары балаларға ән шашу сыйлады.

Спорттық шараға 150 жуық балалар қатысты. Олар жеті қалалық мамандандырылған мектептер мен интернат оқушылары. Үздіктер Алматы құрамасына іріктеліп, олар республикалық спартакиадада қала намысын қорғайды.

— Мен бүгін үстел теннисінен бірінші орынды жеңіп алдым, қала құрамасына енемін деген ойдамын. Спартакиаданың да жеңімпазы атанғым келеді. Осы спорт түрімен бір жылға жуық шұғылданамын, бірнеше турнирлердің жүлдегерімін. Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын — деп бөлісті қатысушы Дінмұхаммед Исмаилов.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медалдар мен дипломдармен табысталды.

Бұл шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Айта кететін жайт, сәуірдің төртінен бастап осы жобаның ұйымдастырушылары еліміздің 16 қаласын аралап өтіп, олар мамырдың 30-ы мен 31-і күні өтетін шешуші кезеңге жүйрік ұжымдарды іріктеді. Спорттық мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 400 ерекше балалар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, 12 жылдың ішінде алғаш рет «Жұлдызвй» фестивалі алып шаһарда өтеді. Бұған дейін спартакиада еліміздің астанасында өткізілген.

Назарларыңызға жарыс нәтижелерін ұсынамыз:

Асық ату — кіші топ:

1 орын: Ернат Сагинтаев (СШИ №2)

2 орын: Эдем Зейтуллаев (СШИ №1)

3 орын: Александр Непомнящий (СШИ №6)

Асық ату — үлкен топ:

1 орын: Бакытжан Алькожа (СШИ №2)

2 орын: Эльмурат Алькожа (СШИ №1)

3 орын: Токтасын Темирлан (СШИ №1)

Асық ату – кіші топ (бес тас)

1 орын: Назым Жусипбек (СШИ №1)

2 орын: Сабина Зиявдунова (СШИ №1)

Асық ату – үлкен топ (бес тас)

1 орын: Аяжан Жумабек (СШИ №1)

2 орын: Жадыра Жуман (СШИ №7)

Жеңіл атлетика – кіші топ (25 метр, ұлдар)

1 орын: Николай Курчинин («Жанұя» Спорттық клубы)

2 орын: Владислав Зайчиков (СШИ №6)

3 орын: Адиль Нурдильда (СШИ №6)

Жеңіл атлетика – кіші топ (25 метр, қыздар)

1 орын: Назария Галиновская ( «Жанұя» Спорттық клубы)

Жеңіл атлетика – үлкен топ (25 метр, ұлдар)

1 орын: Дайс Липких («Жанұя» Спорттық клубы)

2 орын: Аркен Ивулаев (СШИ №7)

3 орын: Никита Кильдюшов (СШИ №7)

Жеңіл атлетика — үлкен топ (50 метр, қыздар)

1 орын: Камила Камердинова (СШИ №6)

2 орын: Наталья Джапарова (СШИ №6)

3 орын: Жанерке Рыскельды (СШИ №7)

Жеңіл атлетика – үлкен топ (50 метр, ұлдар)

1 орын: Дайс Липких («Жанұя» Спорттық клубы)

2 орын: Аркен Ивулаев (СШИ №7)

3 орын: Никита Кильдюшов (СШИ №7)

Жеңіл атлетика, эстафета

1 орын: «Жанұя» Спорттық клубы

2 орын: СШИ №7

3 орын: СШИ №6

Үстел теннисі – кіші топ:

1 орын: Алимжан Джоши (СШИ №2)

2 орын: Сержан Акбай (СШИ №2)

3 орын: Юлия Чернова (СШИ №6)

Үстел теннисі – үлкен топ:

1 орын: Динмухаммед Смаилов (СШИ №2)

2 орын: Наиль Мухамметов (СШИ №2)

3 орын: Алексей Темирбаев («Жануя» Спорттық клубы)

Шағын футбол – кіші топ:

1 орын: СШИ №2

Шағын футбол – үлкен топ:

1 орын: СШИ №7

2 орын: СШИ №6

3 орын: СШИ №2

Шағын футбол – үлкен топ, 2 дивизион:

1 орын: СШИ №5

2 орын: СШИ №1

3 орын: «Жанұя» Спорттық клубы

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …