Басты бет / Әлем / ММА-ДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САНЖАР ӘДІЛОВ M-1 GLOBAL-ДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

ММА-ДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САНЖАР ӘДІЛОВ M-1 GLOBAL-ДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

25-ші тамыз күні Санкт-Петербург (Ресей) қаласындағы «M-1 Arena» спорт кешенінде халықаралық M-1 Challenge 96 додасы өтеді.

M-1 Challenge 96 додасында отандасымыз Санжар Әділов (3-0) грузиялық жауынгер Важей Цыптауриге (5-1) қарсы жекпе-жекке шығады.

2017-шы жылы аралас жекпе-жектен өтен әлем чемпионатында Санжар Әділов Әлем чемпионы атанып, доданың ең үздік жауынгері атағын жеңіп алған еді. ММА-дағы әуесқой мансабынан жүлдерінен бөлек, Санжар 2015-шы жылғы жауынгерлік самбодан әлем чеемпионатының күміс жүлдегері және осы спорттан Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ал кәсіпқой мансабында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде уақытынан бұрын аяқтаған.

Қарсыласы да өте азулы спортшы болып табылады, ол кикбоксингтен және ММА-дан Грузия чемпионы. Важа Цыптаури, M-1 Global-да үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Санжар Әділов, M-1 Global-мен бір жекпе-жекке келісімшартқа отырды. Сәтті жекпе-жек өткізген жағдайда ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюы мүмкін.

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …