УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы атануға үміткер ойыншылардың тізімін жариялады.
Ойыншыларды өткен маусымда топтық кезеңге қатысқан 32 команданың бапкерлері және 55 тілші таңдады. Жеңімпаздарды 30-шы тамызда анықтайды.
Қақпашылар: Алиссон («Рома»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Кейлор Навас («Реал»);
Қорғаушылар: Марсело («Реал»), Серхио Рамос («Реал»), Рафаэль Варан («Реал»);
Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Тони Кроос («Реал»), Лука Модрич («Реал»);
Шабуылшылар: Лионель Месси («Барселона»), Криштиану Роналду («Реал», «Ювентус»), Мохамед Салах («Ливерпуль»).
Естеріңізде болса, «Реал» қатарынан үшінші рет доданы жеңімпазы атанған болатын.