«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы жекпе-жектің басталу уақыты мен ресми шаралардың өтетін уақыттарын жариялады.
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімін 14-ші қыркүйектен 15-ші қыркүйекке қараған түні өткізеді, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де.
Айта кетсек, қос боксшы да қарымта жекпе-жекке бір ай қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізген болатын. Ол кезде таразыда Головкин — 168,3 фунты (76,34 килограммды) көрсетсе, ал Канело — 167,4 фунтты (75,93 килограммды) көрсетті.
Екінші жекпе-жек Қазақстан уақытымен 16-шы қыркүйек күні таңертең, Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 03:00-те басталады, ал негізгі жекпе-жектер сағат 06:00-да басталады. PPV-ге арналып көрсететін үш жекпе-жектен кейін, шаршы алаңға Канело мен GGG көтеріледі.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт