Басты бет / Велоспорт / ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫҢ 12-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ КӨШБАСШЫ ТОП ГАЛИСИЯДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫҢ 12-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ КӨШБАСШЫ ТОП ГАЛИСИЯДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Испания Вуэльтасының» 12-кезеңі Мондоньедо — Фаро-де-Эстака-де-Барес/Маньон (181,1 шақырым) бағыты бойынша, жарыс жолы Испанияның солтүстік аймағында орналасқан Галисияны да басып өтті. Сонымен алға озған топ жеңіс үшін тартысқа түсті. Пелотон 18 шабандоздан құралған көшбасшы топты қуып жетуге талпынған да жоқ. Себебі жақын арадағы өтетін уйкэндке күштерін сақтап қалуды жөн санады.

Осылайша алға озған шабандоздар финишке жалпы есептің фавориттері бар негізгі топтан 11 минут 39 секунд уақыт ерте жетті. Дилан Ван Баарле мен Марк Падунды басып озған француз Александр Женье кезең жеңімпазы атанды.

«Астана» шабандозы Мигель Анхель Лопес командалас әріптестері Пельо Бильбао, Андрей Зейц, Давиде Виллелья және Омара Фраилелермен бірге жалпы топта, еш қиындықсыз кезеңді аяқтады.

Көшбасшы топта болғанының арқасында испаниялық Хесус Эррада «Испания Вуэльтасының» бас классификациясының көшін бастап, қызыл жейдені иемденді. Ал Лопес бір саты төмен түсіп, 8-орынға (+3.49) тұрақтады. Алайда Мигель Анхель жас шабандоздар классификациясы бойынша көшбасшылығын одан әрі жалғастыруда.

Велобәйгенің екінші жарыс аптасының қиын таулы үш кезеңнің бірі өтеді. Кезең Кандас/Карреньодан басталып 174,8 шақырымнан кейін қиындығы бірінші дәрежелі Альто де Ла Камперона шыңында өз мәресіне жетпек.

Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан

Дереккөз: AstanaProTeam.kz

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН ҰОК ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАРЫНДА STREET WORKOUT АЛАҢҚАЙЛАРЫН АШТЫ

Қазақстанның тағы екі қаласында street workout алаңқайлары ашылады. Өткен демалыс күндері Қазақстаннның екі қаласында  Street …