Ресейлік боксшы тамыз айының басында колумбиялық боксшыға нокаутпен жеңіліп, WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуінен айырылып қалған болатын.
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы Әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) келесі жекпе-жегін колумбиялық боксшы Элайдер Альвареске (24-0, 12 КО) қарсы өткізеді. Қарымта кездесудің қаңтар айында өту ықтималдығы өте жоғары. Бұл туралы ресейлік боксшының промоутері Кэти Дува хабарлады.
4-шы тамыз күні Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Сергей Ковалев жетінші раундтында нокаутпен жеңіліп, жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуінен айырылып қалды. Қатарынан үшінші рет болған жеңілістен кейін, Ковалев қолғабымды шегеге ілетін уақыт келді деп айтқан еді.
Бірақ кейін, 35 жастағы ресейлік мансабын аяқтаудан айнып, колумбиялық қарымта жекпе-жек өткізу мүмкіндігін пайдалануды шешті.
«Сергей Альвареспен қарымта кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жектің қаңтар айында өтуі, әбден мүмкін. Біз әлі кейбір жайттарды ойластырудамыз. Осыған байланысты біз Биволдың да келесі қарсыласы туралы жұмыс жасаудамыз. Әзірге нақты келісімдер жоқ», — деді Дува.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт