Басты бет / Қысқы спорт / Хоккей (бет 5)

Хоккей

«БАРЫС» КАПИТАНЫ ЖАРАҚАТЫНАН АЙЫҒА БАСТАДЫ

Құрлықтық хоккей лигасында ресейлік «Металлург» командасына қарсы өткізілген кездесуде жарақат алып қалған Брэндон Боченски жарақатынан айыға бастады. Бұл туралы елордалықтардың бас бапкері Эдуард Закновец мәлімдеді. Жаттықтарушының ойынша, «Барыс» капитаны плей-офф кезеңінде челябілік «Тракторға» қарсы ойында командасына көмектесе алады. Естеріңізге сала кетсек, Боченски 16-шы ақпан күні өткен ойында басын жарақаттап алған …

толық оқу»

ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚЫТАЙДАН ЖЕҢІЛДІ

  Қысқы Азия ойындары аясында хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайлықтарға қарсы кездесу өткізді. Қытай құрамасы барлық кезеңде де жеңіске жетіп, жалпы есепте 8:3 есебімен басым түсті. Ертең, әйелдер құрамасы 12:30-да Оңтүстік Кореямен ойынайды. Қытай — Қазақстан 8:3 (2:1, 3:1, 3:1). 

толық оқу»

«БАРЫС» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Құрлықтық Хоккей Лигасында ойнайтын астаналық «Барыс» өз алаңында «Авангардқа» жол берді. «Барыс» — «Авангард» 1:3 (0:1, 0:2, 1:0) Шайбалар: 0:1 — 08:00 Михеев (Пьянов). 0:2 — 26:26 Зубов (Пьянов, Михеев). 0:3 — 33:12 Михеев (Мартынов). 1:3 — 44:58 Старченко (Баркер). «Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Пушкарёв; Шалапов-Баркер, Шиннимин-Старченко-Сен-Пьер; Савченко-Липин, Маркелов-Тривино-Панюков; Трясунов, Худяков-Гурков-Кучин, Иванов; «Авангард»: Костин — Густафссон-Анелёв, Соботка-Лемтюгов-Пережогин; …

толық оқу»

«БАРЫС» ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒЫП ТҰР

  Жаңа ғана құрлықтық хоккей лигасы аясында Астаналық «Барыс» пен Новосибирьлік «Сибирь» командалары арасында ойын аяқталды. Қос команда арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Осылайша «Барыс» құрамасы турнирлік кестеде 88 ұпай иеленіп тұр. Бұл нәтиже  Қазақстандық ұжымның плей-офф кезеңдеріне өтуіне жеткілікті.  

толық оқу»

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

«Халық аренада» өткен финалдық кездеу 0:1 есебімен ресейліктердің пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз шайбаны матчтың 41-минутында Даниил Ильин соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші Универсиада ойындарының финалына шығып, үшінші рет күміс жүлде алып отыр. Бұған дейін 2013 жылы Трентинода Қазақстан құрамасы Канададан ұтылса, 2017 жылы Гранадада өткен бәсекенің финалында Ресей құрамасынан жеңіліп …

толық оқу»

ЖАУАПСЫЗ 22 ШАЙБА

Қазақстан хоккейшілері Алматыдағы Универсиаданың топтық кезеңін айқын жеңіспен бастады. Отандастарымыз Қытай елінің хоккейшілерін 22:0  есебімен ойсырата ұтты. Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан хоккейшілері бірінші кезеңді 9:0 есебімен аяқтады. Жанкүйерлер қолдауынан қуат алған отандастарымыз аянып қалмады. Әр шабуыл сайын қарсыластар қақпасына шайба тоғытумен болды. Владимир Гребенщиков (1-ші минутта), Әлихан Әсетов (2-ші минутта), …

толық оқу»

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫ ОЙСЫРАЙ ҰТТЫ

Универсиаданың хоккейден қыздар арасындағы алғашқы ойынында Қазақстан Ұлыбританиямен жолықты. Қазақстанның қыздары қарсыластарға жауапсыз 11 шайба соқты. Қазақстан Универсиада құрамасынан Карина Фельзинк, Малика Алдабергенова, Ажар Хамимульдинова, Ғалия Нұрғалиева, Бұлбул Қартанбаева (2 рет), Меруерт Рыспек, Пернеш Ашимова, Анастасия Орлова, Мадина Тұрсынова, Аида Олжабаева мергендік танытты.   Қазақстан-Ұлыбритания 11:0 (4:0, 4:0, 3:0)

толық оқу»

АЛМАТЫДА МЕРЕКЕ БАСТАЛДЫ

Алматыдағы қысқы Универсиаданы хоккей матчы ашып берді. Алғашқы ойында Словакия британиялықтарды тас-талқан етті. Словактар қарсыласының қақпасына жауапсыз тоғыз шайба тоғыта алды. Иван Якубик хет-трик жасаса, Эдмунд Пьячка мен Томаш Хлуч дубль авторы атанды. Сондай-ақ, Пичнарчик пен Лойдл бір реттен қанжығаларын майлады. Айта кетейік, бұл құрамалар АҚШ және Канадамен бір топта …

толық оқу»

«БАРЫС» ХОККЕЙШІСІ ЖҰЛДЫЗДАР МАТЧЫНА ҚАТЫСТЫ

  Уфада «Жұлдыздар матчы 2017» бірінші кезеңі өтті. Мастер-шоуда Шығыс командасы 5:2 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» шабуылшысы Найджел Доус  «хоккей биатлоны» сайысына қатысып, командасына өз үлесін қосты. Тілшілерге берген сұхбатында Доус келесі жұлдыздар матчы Қазақстанда өтсе екен деді. «Менің ойымша жаңа формат жанкүйерлерге көбірек ұнады. Бізге, спортшыларға сайсқан жақсы. Бірақ …

толық оқу»

ДОПТЫ ХОККЕЙ. ОРАЛДЫҚ КОМАНДА «МАЯКТЫ» ҰТТЫ

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсетіп жүрген Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз айдынында краснотурьинскілік «Маяк» командасын қабылдады, — деп жазады порспортс.кз сайты. Аталмыш ойын қарсыластар арасындағы чемпионаттағы екінші кездесуі. Бұл жолы айдын иелері осы топта 36 ұпаймен көш бастап келе жатқан қарсыласын 8:1 есебімен күйрете жеңді. Дегенмен …

толық оқу»