Бүгін, 8-ші қыркүйек күні, Санкт-Петербург қаласының «А2 Arena» аренасында өтетін бокс кешінің, басты жекпе-жегінде екі салмақ бойынша Әлем чемпионы отандасымыз Фируза Шарипова (8-1-0, 4 КО) ресейлік Юлия Куценкомен (7-0-1, 3 КО) кездеседі.
Фируза Шарипова өзінің жеңіл салмақтағы WIBA нұсқасы бойынша белбеуін Куценкодан қорғайтын болады.
Фируза соңғы рет шаршы алаңда 2017-шы жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізді. Ол кездесуде қарсыласы бельгиялық Джемилля Гонтарюкті жеңіп, екінші жартылай орта салмақта WBC Silver және IBO чемпиондық белбеулерің иегері атанған еді.
Шарипова — Куценко бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Қазақстандық «Хабар» телеарнасы сағат 22:00-ден бастап, басты жекпе-жекті тікелей эфирден көрсететін болады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт