Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Франция құрамасы өз алаңында Голландия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Париждегі «Стад де Франс» стадионында өткен ойында, Франция құрамасының шабуылшысы, 2018-шы жылғы Әлем чемпионатында ең үздік жас ойыншы атанған Килиан Мбаппе, кедесудің 14-ші минутында гол соғып, өз командасын алға шығарды. Бірінші қалған бөлігінде алаң иелері допқа көп иелік етіп, ойын барысын өздері басқарды. Ал қонақ команда қарсыластың қақпасына да ешқандай қауіп төндіре алмады. Осылайша, брінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Екінші тайм біріншіге қарағанда қызықтырақ өтті. Бұл таймда қос команда да қауіпті шабуылдар жасап жүрді. Сондай бір шабуылда, 67-ші минутта Райан Бабель гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Француздар бар күштерін жинап, өз жанкүйерлерінің қолдауымен, Әлем чемпиондарының шабуылшысы Оливье Жиру 75-ші минутта гол соқты. Қорытындыс есеп 2:1, Франция құрамасы Ұлттар лигасының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, А лигасының 1-ші тобында төрт ұпаймен бірінші орынға шықты. Ал Голландия құрамасы нөл ұпаймен соңғы үшінші орында.
Айта кетейік, Франция құрамасы Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Германия құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнаған болатын. Германия құрамасы екінші ойыны Голландия құрамасына қасы өткізетін болады.
Франция 2:1 Голландия
Голдар: Мбаппе, 14, Жиру, 75 — Бабель, 67.
Франция: Ареола — Павар, Варан, Умтити, Эрнандес (Менди, 62) — Погба, Канте — Мбаппе, Гризманн (Нзонзи, 81), Матюиди — Жиру (Дембеле, 89).
Голландия: Силлессен — де Лигт, ван Дейк, Блинд — Тете (Янмаат, 82), Преппер, Ф. де Йонг, Бабель (Л. де Йонг, 88) — Промес (Вормер, 76), Депай, Вейналдум.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт