UFC-дің жеңіл салмағындағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC промоушеуніне қатты шарт қойды.
UFC 229 додасында Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор кездесіп, Хабиб қарсыласы Конорды төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңгеннен кейін, Хабиб Нурмагомедов өзіне, дініне және ұлтына Конор МакГрегормен бірге тіл тигізіп жүрген оның командаласына жұдырық ала жүгірсе, ал сегізбұрыштың ішінде де Конор мен Хабибтің командаластары төбелесіп қалған болатын.
Осы жағдайларға байланысты UFC Хабибтің командаласы Зубайра Тухуговты промоушеунен шеттетпек.
«Екі жақтың командаластары бірге қатысқан қақтығыста неге тек менің командамдағы Зубайра Тухуговты ғана шеттетпексіңдер, егерде Зубайрамен келісімшартты бұзатын болсаңдар, онда менде кетемін осыны біліп қойыңдар. Мен бауырым үшін соңына дейін барамын» — деп, Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram парақшасында UFC-ге шарт қойды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт