Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТ» КЛУБЫНЫҢ СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

«ҚАЙРАТ» КЛУБЫНЫҢ СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 2-сінен 3-іне қараған түні, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» сырт алаңда голландиялық «АЗ Алкмарға» қарсы қарымта ойын өткізеді.

Кездесу голландияның Алкмар қаласындағы «АЗ-Стадиум» стадионында өтеді. Ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын Алматыда өткен бірінші ойында, «Қайрат» украиндық шабуылшы Адеринсола Эсеоланың қос голының арқасында 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

Фото: «Қайрат» клубының ресми сайтынан

Сондай-ақ

«ЧЕЛСИ» АЗАРҒА ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ҰСЫНБАҚ

«Челси» жартылай шабуылшы Эден Азарды команда да сақтап қалмақ. Лондондық клуб 27 жастағы бельгиялыққа жалақысы …