Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдында түсірілім алаңында кездесті.
TMZ Sports сайтының хабарлауынша, бұл шілде айының ортасында болған, екі боксшыда жекпе-жектің промо-ролигінің түсіріліміне қатысқан.
«Кездесу қысымы өте жоғары жағдайда өткен. Боксшылар бір бөлмеде болып, бір-біріне алдын-ала қойылған соққыларды жасауға тиіс болды. Олар шынайы кекті көрсетті және түсірілім алаңында ауыр сөздермен алмасты».
Бастапқыда, қос боксшыда жекпе-жекке бір апта қалғанша қандай да бір кездесулерден бас тартқан болатын. Головкиннің айтуынша бұл ұсыныс, допинг дауына іліккен Канело тарапынан болған.
Естеріңізде болса, Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген еді.
Екінші жекпе-жек, екі жақтың ұзақ келісімдерінің арқасында 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді деп белгіленді.
Видео: TMZ Sports сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт