Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ДЖАКАРТАДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН БОКСШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ДЖАКАРТАДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН БОКСШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімін жариялады.

Азия ойындарынан ерлер арасында 81, 91 және + 91 келі салмақтарындағы боксшылар қатыспайды, себебі бұл салмақтар ойын бағдарламасынан алынды. Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, салмақтардың қысқартылғанына қарамастан, шәкірттерінің 4-5 медальмен, оның 2-і алтын болады деп үміттенетінін айтты.

Қазақстанның ерлер арасындағы бокс құрамасы:

49 келіге дейін – Теміртас Жүсүпов
52 келі – Азат Махметов
56 келі – Қайрат Ералиев
60 келі – Саматәлі Толтаев
64 келі – Бекдаулет Ибрагимов
69 келі – Асланбек Шымбергенов
75 келі – Абілхан Аманқұл

Сондай-ақ

БОНУЧЧИ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ, АЛ КАЛЬДАРА «МИЛАНҒА» ЖОЛ ТАРТТЫ

«Ювентус» пен «Милан» клубтары ойыншыларымен алмасты. 2017-шы жылы жазғы ауысым кезінде 42 миллион еуроға «Ювентустан» …