Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (8-0, 7 КО) титулдық кездесуіндегі қарсыласын жариялады.
Бобыржан Момынов Instagram парақшасында хабарлауынша, 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Бобыржан Момынов WBC ABCO Continental және NBA Internatcional тұжырымдарындағы белбеулер үшін, филиппиндік Джанджеси Ибгоспен (13-3, 11 КО) шаршы алаңда кездеседі.
Айта кетсек, 25-ші тамыз күні Индианаполис қаласындағы «Tyndall Armory» спорт кешенінде, Бобыржан Момынов қарсыласы жергілікті 37 жастағы боксшы Брайн Тиммонсті (6-9, 5 КО) бірінші раундының екінші минуты аяқталар тұста нокаутпен жеңген болтын.
Сурет: «bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт