Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ФУТЗАЛДАН «ҚАЙРАТ» ПЕН «АҚТӨБЕНІҢ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ФУТЗАЛДАН «ҚАЙРАТ» ПЕН «АҚТӨБЕНІҢ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбенің» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

«Қайрат» төртінші топта «Спортинг» (Португалия), «Лид» (Беларуия) және «Феникс» (Косово) командаларымен ойнайды. Кездесулер 3-ші және 6-шы қазан аралығында Косовода өтеді.

Ал «Ақтөбе» алтыншы топқа түсті, қарсыластары «Ново Вриеме» (Хорватия), «Кампуксен Дюнамо» (Финляндия) және «ТМС» (Грузия) командалары атанды. Кездесулері 3-ші және 6-шы қазан аралығында Хорватияда өтеді.

Айта кетсек, төртінші топтан келесі кезеңге үш команда өтсе, ал алтыншы топтан тек бірінші орын алған команда ғана өтеді.

Сондай-ақ

ОЛЬГА РЫПАКОВА ІAAF ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Чехияның Острава қаласында ІAAF …