Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен екінші жыл 6 дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді тегін гольф ойнауды үйрету бағдарламасы өтуде, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Сабақтарды бірінші қазақстандық гольф-клуб «Нұртау» академиясының кәсіпқой бапкерлері өткізуде.
Тегін сабаққа қатысу үшін тек «Нұртау» клубына келіп, сауалнама толтыру қажет. Ал одан кейін, қатысушы өзіне берілген күні өз тобымен бірге аптасына екі рет, бір сағаттан жаттығу өткізеді (бір адамға барлығы 8 сабақ).
Гольфқа үйрету сабақтары күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Жаттығулар таңғы сағат 8:45-тен басталып, артынша келесі топтармен жалғасады 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00.
— Барлық сабақтар ақысыз түрде өткізіледі. Біз барлығын керекті жабдықтармен өзіміз қамтамасыз етеміз. Біздің оқу бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады: олар алысқа және жақын жерге соққылар жасап үйренеді, содан кейін теориялық сабақтар және пат болады. Артынша барлығы чемпионатқа қатысып, тест тапсырады, — деп атап өтті «Нұртау» балалар академиясының бас бапкері Александр Вонгай.
Оның айтуынша, былтырғыдан қазіргі уақытқа дейін гольф ойнауды 800-ден астам адам үйренген, жоспар бойынша әлі 300 адамды оқыту қажет. Қазір әр топта 13-15 балалар жаттығады. Бұл бағдарлама аясында әрбір жеткіншек тек гольф әдістерін меңгеріп ғана қоймай дресс-код ережелерін қатаң түрде сақтау, сондай-ақ, тәртіпті болуды үйренеді.
Айта кетер жайт, бағдарламаның басты мақсаты осы спорт түрін елімізде дамытып, жастар арасында нәсихаттау болып табылады. Тегін оқыту сабақтары осы жылдың қараша айына дейін жалғасады. Бағдарлама туралы толық ақпаратты Nurtau.kz сайтынан, балалар академиясы бөлімінен көре аласыздар.
Толық ақпаратты гольф бапкері Александр Вонгайдан біле аласыздар: 8 777 263 85 52
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт