Басты бет / Велоспорт / ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 11-ШІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖОЙҚЫН КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 11-ШІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖОЙҚЫН КЕЗЕҢІ ӨТТІ

11-кезеңнің жарыс жолы ойлы-қырлы болғандықтан, сонымен қатар 4-дәрежелі және одан да басқа асулардың көптігінен шабандоздар пелотонда біршама қиындықтар болады деп күткен. Бірақ «Астана» үшін кезең одан да қиынға соқты. Себебі команда көшбасшысы Мигель Анхель Лопес велесебедін ауыстырып, топтың соңынан қуып жетуге тура келгендіктен, біраз жағдайды қиындатып жіберді.

11-кезеңнің жарыс жолы пелотоннан бөлініп, алға озып кетуге ыңғайлы болғандықтан, біраз шабандоздар сол мүмкіндікті пайдалануға тырысты. Сондықтан алғашқы екі сағатта топтың жылдамдығы шамамен 50 км/сағ болды. Шабуылға шығып, көш бастауға тырысқан шабандоздардың талпынысы сәтсіз болып, басымдылыққа ие бола алмады. Сол уақыт аралығында Мигель Анхель Лопестің велесебедінде техникалық ақау пайда болды. Дөңгелегінің шынжырына кішкентай тас кіріп, велесебеді істен шықты. «Астана» көшбасшысына тоқтап, велесебедін ауыстыруға тура келді. Бірақ командадағы әріптестері Лопесті пелотонға қайта қосу үшін бар мүмкіндікті жасады.

Соңғы шақырымда жалпы есептің фавориттерінен құралған топта шабуылдар легі үдеп, нәтижесінде барлығы бірге, кезең жеңімпазынан екі минуттан кейін келді.

Италияндық Алессандро Де Марки колумбиялық Джонатан Рестреподан басым түсіп, 11-кезең жеңімпазы атанды. Екі шабандоз 19 адамнан құралған топтың арасында болды. Олар финалда шабуылға шығып, жеңісті өзара бөлісті. «Астана» шабандозы Омар Фраиле де сол топта болатын. Лопесті қайта пелотонға қосу үшін көп күш жұмсағандықтан, ол шешуші шабуылға ілесе алмады.

Саймон Йейтс «Испания Вуэльтасының» жалпы есебі бойынша қызыл жейдені сақтап қалды. Мигель Анхель Лопес 7-орында (+0.27) тұр. Ол жас шабандоздар классификациясы бойынша көшбасшылығын жалғастыруда.

Велокөпкүндіктің 12-кезеңі Мондоньедо қалашығынан басталып, Фаро-де-Эстака-де-Барес. Маньонде аймағында өз мәресіне жетпек. Жарыс жолының ұзақтығы 181,1 шақырымды құрайды.

Дереккөз: AstanaProTeam.kz

Сондай-ақ

ОЛЬГА РЫПАКОВА ІAAF ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Чехияның Острава қаласында ІAAF …