Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин WBC ережесіне сәйкес мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жегіне бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Салмақ өлшеу рәсімінің нәтижесін Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің президенті Маурисио Сулейман хабарлады. Жекпе-жекке жеті күн қалғанда Геннадийдің салмағы 163,8 фунт болып тұр, ереже бойынша осы күнде боксшы салмағы 168 фунттан аспауы керек. Енді боксшыларға жекпе-жекке бір күн қалғанда, олардың салмақтары орта салмақтың шегі бойынша 160 фунттан аспауы қажет.
Екінші жекпе-жек Қазақстан уақытымен 16-шы қыркүйек күні таңертең, Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Ал жекпе-жек алдындағы соңғы ресми салмақ өлшеу рәсімі бір күн бұрын өтеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт