Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Португалия құрамасы өз алаңында Италия құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Лиссабон қаласының «Да Луиш» стадионында өткен ойында, Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш өз командасының басты жұлдызы Криштиану Роналдуға демалыс беріп, жаңа құраммды сынақтан өткізіп көруде.
Сантуштың командасы Роналдусызда жақсы ойнауда. Брума, Андре Силва және Бернарду Силва сияқты шабуылшылардан құралған үштік Италия құрамасына бір гол соғып, комндасын жеңіске жеткізді.
Ұлттар лигасының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша, А лигасының 3-ші тобында Португалиялық құрамасы үш ұпаймен бірінші орында, ал Польша мен Италия бір-бір ұпаймен екінші және үшінші орындарда.
Португалия 1:0 Италия
Гол: А. Силва, 48.
Португалия: Патрисиу — Канселу, Пепе, Диаш, Руи — Пицци (Санчеш, 74), Невеш, Карвальо (Оливейра, 86) — Брума (Мартинш, 77), А. Силва, Б. Силва.
Италия: Доннарумма — Лаццари, Кальдара, Романьолли, Кришито (Эмерсон, 74) — Кристанте (Белотти, 79), Жоржиньо, Бонавентура — Дзадза, Иммобиле (Берарди, 59), Кьеза.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт