Басты бет / Басқа түрлер / БОЛАШАҚ ҰШҚЫШТАР «ЧЕЛСИ» МЕН «ОРДАДАН» МЫҚТЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

БОЛАШАҚ ҰШҚЫШТАР «ЧЕЛСИ» МЕН «ОРДАДАН» МЫҚТЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының кезекті ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

800-ге жуық жасы 8-ден асқан кез келген футбол әуесқойлары халықаралық әуезжай маңында орналасқан Авиатор стадионында келіп, қызықты ойындар көрсетті.

Ең қызығы, үлкендер арасындағы жарысқа (15+) алғаш рет азаматтық авиация академиясының студенттері қатысып, «өз алаңдарында» жеңіске жетті. Олар ОВД атты команда құрып, екінші орын алған «Орда» мен қола жүлдегер атанған «Челсидан» мықты болып шықты.

Ал, 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Орда», «Асыл Арман» және «Иппон» атанды.

— Біз өз академиямызда ылғида дайындалып тұрамыз. Балалардың жігерлілігінің арқасында бүгін жеңіске жеттік деп ойлаймын. Ойындар қиын болды, бірақ біз жеңу үшін бар күшімізді салдық. Қуаныштымыз. Өзіміз алғашқы рет қатысқан едік, барлығы да ұнады, – дейді ОВД Әділет Ермек.

Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясы және SportExpo Kazakhstan халықаралық көрмесін ұйымдастыратын ұжымның қолдауымен олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, SportExpo Kazakhstan атынан үздік ойыншыларға арнайы футбол атрибуттары таратылды.

Айта кету керек, SportExpo Kazakhstan – ол Алматыда Атакент көрме орталығында қарашаның 15-і мен 18-і аралығында өтетін халықаралық көрме болып табылады. Ол жерде әлемнің әр мемлекетінен келген спорттық ұйымдары өздерінің спорттық тауар және өнімдерімен таныстырады.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІЛЕР ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГТЕ ТӨМЕН ТҮСІП ҚАЛДЫ

Теннистен ATP және WTA рейтингтері бойынша теннисшілердің жаңартылған тізімі жарияланды. Аталған рейтингтегі қазақстандықтар бірнеше сатыға …