15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да осы жылдың ең үздік жекпе-жегі өтеді, онда Әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) шаршы алаңда екінші мәрте кездеседі.
Жекпе-жек Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең, «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт