Египетте таеквондо спортынан жасөспірімдер арасында әлем біріншілі жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күні 33 келі салмақта сынға түскен Рита Бакишева қола жүлдегер атанды.
Жас спортшымыз алдымен Ресейлік Анжелина Гоголеваны жарыс жолынан шығарды. Кейін Швециялық Холмстер Аннаны ұтты.
Жартылай финалда отандасымыз Мексикалық қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Бұл салмақта Тайланд елінің спортшысы топ жарса, екінші орынды Мексикалық иеленді.
51 келіде кушкиева Лиана, +65 келіде Нұрқасым Ахмади 65 келіде Ақжолов Денис қарсыластарына есе жіберіп, жүлдесіз қалды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт