Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЕЛ ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДА ТАҒЫ ДА ҰПАЙ ЖОҒАЛТТЫ

ЕЛ ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДА ТАҒЫ ДА ҰПАЙ ЖОҒАЛТТЫ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойын өткізді.

Андорра-ла-Велья қаласының «Эстади Насьональ» стадионында өткен ойында, деңгейі жоғары Қазақстан құрамасы мен дәрежесінен төменірек Андорра құрамасы ойын өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Кездесу Ел құрамасының басымдылығымен басталып, бірінші таймда гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, қарылас қақпасына доп дарымады.

Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан 68-ші минутта бұрыштамадан көтерген добын қорғаушы Юрий Логвиненко баспен ұрып гол соқты. Құрамамыз үшін өте жақсы жалғасып жатқан ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда, Серікжан Мужиков қарсыласқа қарсы тәртіп бұзып, алаңнан қуылды.

Қонақтардың алаңда он ойыншымен қалғанын толығымен пайдаланып қалу ойымен шабуылын көбейткен Андорра құрамасы 86-ші минутта есепті теңестірді. Алаң иелерінің голын Жорди Алаэс соғып кетті. Қорытынды есеп 1:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Андоррамен өткен ойында тек бір ұпайға ғана ие болды. D лигасының 1-ші тобындағы басқа екі команда, Грузия құрамасы өз алаңында Латвия құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал Андорра құрамасы Латвия құрамасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнады.

Ұлттар лигасының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша, Грузия төрт ұпаймен бірінші орында, Андорра екі ұпаймен екінші орында, ал Латвия мен Қазақстан құрамалары бір-бір ұпаймен үшінші және төртінші орындарда тұр.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын, Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында, 13-ші қазан күні Латвия құрамасына қарсы өткізеді.

Сурет: ҚФФ ресми сайтынан

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІЛЕР ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГТЕ ТӨМЕН ТҮСІП ҚАЛДЫ

Теннистен ATP және WTA рейтингтері бойынша теннисшілердің жаңартылған тізімі жарияланды. Аталған рейтингтегі қазақстандықтар бірнеше сатыға …