Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҰО КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ СПОРТЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ҰО КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ СПОРТЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ҚР ҰОК өкілдері спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовпен бірге жұмыстық сапармен Алматыға келді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мақсатында еліміздің әр түкпірін аралап, спорт нысандары мен дене-шынықтыру саласын бақылау тапсырылған еді. Осыған орай, Елсияр Қанағатов облыс орталықтарын ғана емес, қаладан шалғайда жатқан аудандарды да аралауда.

Алматыдағы сапарында Елсияр Қанағатов жаңадан салынған «ЭЙС» теннис орталығы, «Сұңқар» халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені, велотрек, Halyk Arena мен Almaty Arena мұз кешендері, Балуан Шолақ атындағы мұз сарайы, Орталық стадион, сондай-ақ спорт мектептерін аралады.

Ол кездесу барысында барлық спорттық қызметкерлерді ҚР ҰОК жаңа форматымен таныстырып олимпиадалық спорттар қалай дамитының айтты. Сонымен қатар, көптеген мәселелерді талқылап, бірнеше жобалармен танысты.

— Алматыға дейін біз 13 облысты аралап, дамуын көрдік. Біз олимпиадалық спорт түрлері басқа қалалар мен өнірлерде қалай дамып келе жатқанын байқадық. Жалпы көптеген нысандар бой көтеріп, әр өңірде жақсы спорт кешендері жұмыс істеуде.Бірақ ауылдық жерлерде спортқа қатты көңіл бөлінбеген екен. Мысалы, аудандық спорттық мектептерге қаржы аз бөлініп, спортшылардыңи жарысқа баратын жолдары төленбейді. Бұл деген бәсекелестікті жоғалтады, — дейді Елсияр Қанағатов.

Оның айтуынша барлық туындаған сұрақтар әр кездесудің қортындысында жергілікті мамандармен бірігіп шешіліп келеді.

Сонымен қатар ол мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) бағдарламасының бірнеше облыстарда дамып келе жатқанын және оның тиімділігін аталып өтті. Алматыда ол жоба бойынша балалар мен жасөспірімдерді дайындайтын «Жас Қыран» футбол орталығы мен велотрек салынуда. Ол нысандарды тыс қалдырмай, сол бойынша барлық облыстарда спорт нысандары тұрғызылып, жалпы елімздің спорты сол бағыт бойынша даму керектігін тілге тиек етті.

Жалпы қазіргі танда Алматыда бұқаралық спорттың дамуына бағытталған «Спорттық Алматы» және «Спорт менің ауламда» атты бағдарламалары іске асырылып, халықтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруда. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов қала тұрғындарының 30 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысып келе жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, спорт түрлерін саралау бойынша өткен жиында бүгінгі күнгі басты мәселелер қозғалып, дирекция басшысына ұсыныстар айтылды. Жалпы Алматы бойынша 39 жазғы және 12 қысқы Олимпиадалық спорт түрлері саралаудан өткен. Олар жазғы спорт түрлерінен «А» тобында – 18, «В» тобында – 9, «С» тобында-6. Ал, қысқы спорттан — 6 (А), 4 (В), 3 (С) топтарына кіреді.

Спорт мектептері мен интернат басшылары, бапкерлер және спорт мамандарымен болған қорытынды кездесуде олимпиадалық спорт түрлері қалада қалай дамып келе жатқаны айтылып, олардың даму жолдары ұсынылды. Өз кезегінде Елсияр Қанағатов барлығына атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, Алматы еліміздің спорт орталығы саналатындығын айтты. Оның айтуынша келе жатқан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың басым бөлігі алматылықтар болып саналады – 70 адам.

Сондай-ақ

МБАППЕ ЕКІНШІ ТАЙМДА АЛАҢҒА ШЫҒЫП «ПСЖНЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе «Генгамға» қарсы өткен ойынның нәтижесін шешіп кетті. Франция чемпионатының 2-ші …

Добавить комментарий