Басты бет / Бокс / ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ МЕН ӨТЕТІН ЖЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ МЕН ӨТЕТІН ЖЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде өте азулы қарсыласпен кездеседі.

25 жастағы отандасымыз 3-ші қараша (Астана уақытымен 4-ші қараша) күні Эль-Пасо (Техас штаты) қаласында шаршы алаңға көтеріледі.

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы 32 жастағы америкалық боксшы Вон Александр (12-1, 8 КО). Жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетсек, Вон Александр қарулы шабуыл үшін 18 жылға темір торға қамалған болатын. Бірақ, боксшы 11 жылдан кейін бостандыққа шығарылған.

Естеріңізге салсақ, Жәнібек Әлімханұлы 29-шы қыркүйек күні Оклендте (Калифорния штаты) «Top Rank» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырғалы, кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде қарсыласы колумбиялық Карлос Гальванды (16-8-1, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Сурет: «janibek_alimkhanuly» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …