«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси біраз жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрден тыс қалды.
ФИФА ресми сайтында, 2017/18 маусымның қорытындысы бойынша «The Best» сыйлығына таласатын үздік үштікті жариялады, бірақ бұл үштікте Мессиге орын табылмады.
31 жастағы аргентиналық ойыншы 12 жылдан бері алғаш рет жыл ойыншысы атағына үміткер үштіктің қатарына кірмеді. Соңғы рет жыл ойыншысын Мессисіз таңдаған сәт 2006-шы жылы болған еді, ол кезде Лео 19 жаста ғана болатын.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт