Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбенің» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.
«Қайрат» төртінші топта «Спортинг» (Португалия), «Лид» (Беларуия) және «Феникс» (Косово) командаларымен ойнайды. Кездесулер 3-ші және 6-шы қазан аралығында Косовода өтеді.
Ал «Ақтөбе» алтыншы топқа түсті, қарсыластары «Ново Вриеме» (Хорватия), «Кампуксен Дюнамо» (Финляндия) және «ТМС» (Грузия) командалары атанды. Кездесулері 3-ші және 6-шы қазан аралығында Хорватияда өтеді.
Айта кетсек, төртінші топтан келесі кезеңге үш команда өтсе, ал алтыншы топтан тек бірінші орын алған команда ғана өтеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт