Голландияның Леуварден қаласында шорт-трек спортынан Халықаралық кубок додасы мәресіне жетті, — деп хабарлайды dodasport.kz
Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Денис Никиша және Айдар Бекжанов бестігі бұл күндері Голландия елінде жаттығып жатыр. Қысқы спорттан негізгі үміт артар спортшыларымыз өздерінің жаңа маусым алдындағы алғашқы сайыстарына қатысты.
8-9 қазан аралығында «Голландия кубогы» атты Халықаралық турнир өтті. Оған Ұлыбритания, Венгрия, Польша, Германия, Латвия, Израиль және Қазақстан елдерінен 12 құрама қатысты. Қазақстандық шорт-трекшілер эстафетада бақ сынады.
Голландия елінде өткізген бірнеше айлар спортшыларымызға оң әсерін бергендей. Әлемде шорт-трек спорты бойынша үйеңкі жапырақтылар номері бірінші екені белгілі. Голландия кубогында осы чемпиондарға біздің жігіттер негізгі қарсылас атанды. Суретте Мерсаид Жақсыбаевтың қос Голландиялықпен мәре сызығына тіке шығар сәті.
Эстафета сыңында Қазақстан құрамасы 7:09,435 нәтижесімен екінші орынды иеленді. Бірінші және үшінші орындарды Голландиялық алды. Сәкесінше 7:09,355 және 7:09,488.
Құрама көшбасшысы Нұрберген Жұмағазиев сайыстан алған әсерімен бөлісті:
«Голландия кубогына» Еуропадағы ең мықты құрамалар қатысты. Бұл біз үшін Әлем кубогы кезеңдері алдындағы қыздырыну сайыстары секілді өтті. Бір жерде жаттығатын болған соң басты қарсыластарымыздың негізгі тактикасын біліп шықтық. Он екі құрама арасынан екінші нәтиже көрсетуіміз біз үшін жақсы жетістік. Алдағы уақытта кубок кезеңдерінде екінші ғана емес, жеңіске жетіп, ең биік тұғырдан көрінетінімзе сенемін.
Былтырғы маусымда қазақ шорт-трекшілері үшін үздік бестікке ену үлкен нәтиже болған-ды. Жаңа маусым мүлдем басқа болмақшы. Голландия кубогында бәсекеге түскен Италия, Венгрия, Польша сияқты елдердің негізгі құрамалары біздің шорт-трекшілерімізден анау айтарлықтай қалып қойды.
Шорт-трекшілеріміз елімізде өтетін Универсияда ойындарына тыңғылықты дайындық үстінде. Осы мақсатта бір жылға Голландия еліне оқу-жаттығу жиындарына жіберілген Мадығали Қарсыбеков шәкірттері сенімді ақтайды деп сенеміз!
Дайындаған Ілияс Шайхиев.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт