Осы күнгі архивтер: 07.09.2018

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ РЕСМИ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАСТАЛУ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы жекпе-жектің басталу уақыты мен ресми шаралардың өтетін уақыттарын жариялады. Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімін 14-ші қыркүйектен 15-ші қыркүйекке қараған түні өткізеді, басталуы Астана уақыты бойынша …

толық оқу»

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫҢ 12-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ КӨШБАСШЫ ТОП ГАЛИСИЯДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Испания Вуэльтасының» 12-кезеңі Мондоньедо — Фаро-де-Эстака-де-Барес/Маньон (181,1 шақырым) бағыты бойынша, жарыс жолы Испанияның солтүстік аймағында орналасқан Галисияны да басып өтті. Сонымен алға озған топ жеңіс үшін тартысқа түсті. Пелотон 18 шабандоздан құралған көшбасшы топты қуып жетуге талпынған да жоқ. Себебі жақын арадағы өтетін уйкэндке күштерін сақтап қалуды жөн санады. Осылайша …

толық оқу»

ИБРАГИМОВИЧ ЕГИПЕТТІК КЛУБҚА АУЫСЫ МҮМКІН

«Пирамидс» клубы шабуылшы Златан Ибрагимовичті өз сапында көргісі келеді. 36 жастағы швед ойыншысы мұхит аржағында жақсы орналасып алды. Ол «Лос-Анджелес Гэлакси» клубында әрдайым гол соғуда. Бірақ, оған қарамастан, Златан МЛС чемпионатын кетіп, Египетке аттануы мүмкін, ол жерде оны жергілікті «Пирамидс» клубы өз сапында көргісі келеді. Кейбір ақпараттар бойынша, «Лос-Анджелес Гэлакси» …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЛЕМЬЕНІҢ БАПКЕРІНІҢ ҚОЛ АСТЫНДА ЖАТТЫҒАТЫН БОЛДЫ

TVAsports.ca сайтының мәліметінше, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) жаңа бапкердің қол астында жаттығатын болды. Себебі, Садриддиннің ісін жүргізетін «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясы жаттықтырушы Стефан Ларуштың қызметінен бас тартқан. «Қазақ сарбазы» атымен танымал боксшыны енді, жергілікті маман Марк Рэмси жаттықтыратын болады. Рэмси, бұрын орта салмақта …

толық оқу»

«БАРЫС» СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Құрлықтық хоккей лигасының 2018-2019 маусымындағы алғашқы тур аясында елордалық «Барыс» хоккей клубы Нижнекамсктың «Нефтехимик» командасына қонаққа барып 1:6 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапынан Патрис Кормье, Даррен Диц, Роман Старченко, Андре Петерссон, Павел Акользин және Мэтт Фрэттин мергендігімен танылды. Алаң иелері сапынан ойын аяқталарға 2 минут қалған тұста Юусо Пуустинен көзге …

толық оқу»

ҚУАТ ХАМИТОВ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-6-1) жаттығу жұмыстарын өткізуде. «Жақында жекпе-жек, жұмыс жасаудамыз», — деп Қуат Хамитов Instagram парақшасында жазды. Естеріңізге салсақ, Қуат Хамитовтың армян Давид Хачатрянмен (24-2) 31-ші тамызға Астанада жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болған еді. View this post on Instagram Скоро бой #пашем A post shared by ★★★NAIMAN★★★ …

толық оқу»

МАРАДОНА МЕКСИКАЛЫҚ КЛУБТЫ ЖАТТЫҚТЫРАТЫН БОЛДЫ

Мексикалық «Дорадос де Синалоа» клубы ресми сайтында Аргентина құрамасының атақты ойыншысы болған, Диего Марадонаны бапкерлік қызметке тағайындағанын хабарлады. «Дорадос де Синалоа» мексиканың екінші дәрежелі чемпионатында өнер көрсететін клуб. Дәл қазіргі сәтте мексикалық клуб 15 команданың ішінде 13-ші орында келеді. Бұл клубта, атақты бапкерлердің бірі Хосеп Гвардиола он ойын өткізіп, кейін …

толық оқу»

НЕЙМАР БРАЗИЛИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КАПИТАНЫ РЕТІНДЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бразилия құрамасының бас бапкері Тите капитан жайлы бір шешімге келді. Бразилия Футбол Конфедерациясының ресми сайтының хабарлауынша, Бразилия құрамасының бас бапкері Тите командасының тұрақты капитаны ретінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймарды тағайындады. Айта кетер жайт, осы кезге дейін Тите әр кездесу алдында жаңа капитан тағайындап жүрді. Естеріңізге сала кетсек, Неймар 2018-шы жылғы …

толық оқу»

ФИРУЗА ШАРИПОВА КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ОНЫНШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

Екі салмақ бойынша Әлем чемпионы Фируза Шарипова (8-1-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізеді. Ертең, 8-ші қыркүйек күні, Санкт-Петербург қаласының «А2 Arena» аренасында өтетін бокс кешінің, басты жекпе-жегінде отандасымыз Фируза Шарипова ресейлік Юлия Куценкомен (7-0-1, 3 КО) кездеседі. Фируза Шарипова өзінің жеңіл салмақтағы белбеуін Куценкодан қорғайтын болады. Юлия Куценко …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ӨЗ АРАЛАРЫНДА ОЙЫН ӨТКІЗДІ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында, Латвия құрамасы мен Андорра құрамасы кездесті. Рига қаласында өткен D лигасының А тобында екінші ойында, 90 минут бойы қос команда да бір-біріне гол соға алмай, ойын тең нәтижемен 0:0 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, Ұлттар лигасының ашылу ойынында Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберген …

толық оқу»