Басты бет / Әлем / ГОЛОВКИН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ҮЛКЕН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚҰР ҚАЛУЫ МҮМКІН

ГОЛОВКИН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ҮЛКЕН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚҰР ҚАЛУЫ МҮМКІН

ESPN мәліметі бойынша, орта салмақта WBA (Regular) Чемпиондық белбеуінің иегері жапондық Риота Мурата (14-1, 11 KO) 20-шы қазан күні Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Риота Муратаның міндетті қарсыласы деп америкалық Роб Брант (23-1, 16 KO) бекітілгенмен де, бұл жолғы қарсыласы ретінде ирландиялық боксшы Джейсон Куиглидің (14-0, 11 KO) есімі аталуда. Жапондықтың промоутері Боб Арумның жоспары бойынша, Мурата Куиглимен жекпе-жегін өткізгеннен кейін, өз елінде Брантпен шаршы алаңда кездессе болады.

Ертеректе Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер, «Triple G»-дің Токиода өтіп, көп қаражат жинайтын жекпе-жектегі қарсыласы жапондық нокаутшы болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Бұл жекпе-жекті өткізу Риотаның өкілі Боб Арумныңда қызығушылығын тудырған еді, соңғы мәліметтерге сүйенсек, Муратаның командасы алдағы айларда «GGG»-мен жекпе-жек өткізу нұсқасын қарастырмауда.

Сондай-ақ

«ЧЕЛСИ» АЗАРҒА ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ҰСЫНБАҚ

«Челси» жартылай шабуылшы Эден Азарды команда да сақтап қалмақ. Лондондық клуб 27 жастағы бельгиялыққа жалақысы …