Басты бет / Әлем / ЕЛЕУСІНОВ: «МЕНІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІМДІ ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗДАР»

ЕЛЕУСІНОВ: «МЕНІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІМДІ ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗДАР»

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО), өзінің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінің тікелей эфирде көрсететін телеарнаның ролигін Instagram-дағы парақшасында салды.

«4 тамыз. Хабар арнасы менің жекпе-жегімді тікелей эфирде көрсетеді. Өткізіп алмаңыздар. 4 августа, телеканал Хабар покажет мой бой в прямом эфира из Кардиффа. Не пропустите», — деді.

Естеріңізге салсақ, 4-ші тамыз күні Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында, Данияр Елеусінов шаршы алаңда венгриялық Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) кездеседі.

Сондай-ақ, Данияр кәсіпқой бокста алғашқы рет сегіз раундттық жекпе-жек өткізеді. Ал алдыңғы екі жекпе-жегі алты раундтқа жоспарланған еді. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді, ал екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Сабоны (25-12, 11 КО) ұпай санымен жеңген болатын.

Сондай-ақ

«ЧЕЛСИ» АЗАРҒА ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ҰСЫНБАҚ

«Челси» жартылай шабуылшы Эден Азарды команда да сақтап қалмақ. Лондондық клуб 27 жастағы бельгиялыққа жалақысы …