ESPN телеарнасының тілшісі Найджел Коллинз, орта салмақ бойынша 21-ші ғасырдың ең үздік он боксшысынан құралған, өзінің тізімін ұсынды.
Үздік ондықтың бірінші орынын америкалық Бернард Хопкинс алса, отандасымыз Геннадий Головкин екінші орынды алды, ал үздік үштікті мексикалық Сауль Альварес қорытындылады.
Үздік ондыққа кірген басқа боксшылардың тізімі:
4. Серхио Мартинес (Аргентина)
5. Келли Павлик (АҚШ)
6. Джермейн Тэйлор (АҚШ)
7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)
8. Билли Джо Сондерс (Британия)
9. Артур Абрахам (Германия)
10. Джермалл Чарло (АҚШ)
Сонымен қатар, Геннадий Головкин орта есеппен алғанда, бір раундта соққы жасау бойынша үздік болып табылады, оның 25 соққысы қарсыластарына дәл тисе, ал 12,2 соққыны өзіне жіберіп алады екен. Бұл көрсеткіш бойынша Головкин, Хопкинсті (18,2 дәл соққы; 9,3 жіберіп алған соққы) және Альваресті (15,2 дәл соққы; 11,4 жіберіп алған соққы) басып озды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт