Басты бет / Басқа түрлер / ТАБЫЛДИЕВ ТУРНИРІ. АТЫРАУ БОЗ КІЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ АНЫҚТАЛМАҚ

ТАБЫЛДИЕВ ТУРНИРІ. АТЫРАУ БОЗ КІЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ АНЫҚТАЛМАҚ

 

Ертең, қазан айының 11-ші жұлдызында Тарих ғылымдарының докторы Табылдиев Хисмет Бозанұлының 80 жас мерейтойына арналған қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді.

 

Табылдиев Хисмет Бозанұлы — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, педагогика ғылымдары академиясының академигі. ҚР білім беру ісінің үздігі және құрметті қызметкері. Атырау облысы, Атырау қаласы және Құрманғазы ауданының құрметті азаматы.

Хисмет Бозанұлы 1990-1999 жылдар аралығында Халел Досмұхамедов атындағы университеттің ректоры болса, кейін «Атырау» облыстық газеті бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстық кеңестің депутаты ретінде, Атырау облыстық әкімшілігі аппаратында депутаттар кеңесінің жауапты хатшысы қызметін бірнеше жыл абыроймен атқарды. Ол – облыс экономикасы мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан ұлағатты ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері. Қоғамдық және ғылым мен ағарту саласындағы еңбектері жоғары бағаланып, бірнеше дүркін орден, медальдармен марапатталды.

Хисмет Бозанұлын әріптестері өз өлкесінің шежіресін жақсы білетін ғалым деп есептейді. Себебі, оның қаламынан шыққан «Социалистік Гурьев тарихы», «Сауатсыздықтан – білім шыңына», «Сауатсыздықты жоюдың Қазақстандағы ерекшелігі мен қиыншылығы», «Кіші жүз руларының тарихы», «Ақтаңдақтар ақиқаты» (соңғы екеуі әріптестері А.Қалмұратов пен Ғ.Нығыметовтермен бірлесе жазған), өлкетанушы Мақсот Жолжановпен бірігіп жазған «Күй атасы – Құрманғазы» атты монография-лары мен ғылыми еңбектері студенттер мен оқушылардың ғылыми құралына айналды.

Сондай-ақ,  екі томдық «Боздақтар» жинағын шығарушы, 12 томдық Үлкен Қазақ Совет энциклопедиясы авторларының бірі.

АЛЫПТАР АЙҚАСЫ. АТЫРАУДА БҰРЫН СОҢДЫ БОЛМАҒАН КҮРЕС МЕРЕКЕСІ

Табылдиев Хисмет турнирінде Ресей, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан елдерінен 27 балуан күш сынасады. Жарыс жеңімпазына автокөлік, екінші және үшінші орын иегерлеріне тиісінше 500,000 және 250,000 тг жүлде қоры тағайындалған.

Атырау облысында өтетін қазақ күресінің шеберлері бәсекесінде кураш, дзюдо және самбо спорттарынан Олимпиада ойындарының, әлем біріншіліктерінің және Азия құрлығының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналып отыр. Қазақ күресі шеберлері туралы әңгіме бөлек.

Жарыстың басты фабориттеріне тоқталсақ:

 

Ұлан Рысқұл

Бүркеншік аты: Сыр арланы.

Туған жылы: 21.09.1986. Салмағы: 132 келі. Бойы: 186 см.

Спорттық атағы: Қазақ күресі мен дзюдодан спорт шебері. Спорттағы жетістігі: Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақ күресінен Әлем Кубогінің қола жүлдегері, 2011 жылғы «Қазақстан Барысы». Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Алматы облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрсынов Мұхит — Қазақстан барысы

Бүркеншік аты: Алтайдың ақиығы.

Туған жылы: 22.04.1988. Салмағы: 102 келі. Бойы: 185 келі.

Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шебері.

Спорттағы жетістігі: Қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері (2011), қазақ күресінен Азия чемпионы (2009).

Бапкері: Шыңғысбек Тұрсынов, Мұқсым Нұртазин. Шығыс Қазақстан облысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айбек Нұғымаров

Бүркеншік аты: Шығыс барысы.

Туған жылы: 03.06.1987. Салмағы: 134 келі. Бойы: 189 см.

Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еңбегі сіңген спорт шебері.

Спорттағы жетістігі: Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы (2010, 2011). Бапкері: Серік Қоржыкенов. Шығыс Қазақстан облысы.

 

 

 

 

 

 

 

Тушишвили Гурам

Дзюдо спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Спорттағы жетістігі: дзюдо күресінен Еуропа және әлем чемпионатының чемпионы.

Туған жылы: 1995. Салмағы 104 келі. Бапкері Мераби Л.

 

 

 

Матиашвили Левани

Дзюдо спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бірнеше әлемдік додалардың жеңімпазы.

Туған жылы 1993. Салмағы 147 келі. Бапкері Мараби Л.

 

 

 

 

 

 

 

 

Табылдиев Хисмет турниріндегі:

  • ең салмағы ауыр балуан Грузиялық Матиашвили Левани — 147 келі.
  • ең салмағы жеңіл балуан Хамзин Ерназар — 83 келі.
  • ең жас балуан Түлебаев Олжас — 1996 жылғы.
  • ең жасы үлкен балуан Салықов Бекболат — 1982 жылғы.

Іріктеу сайыстары 10:00-де басталады. Жарыстың ашылуы және финалдық белдесулер 16:00-де өтеді. Атырау қаласы, Жайық спорт кешені.

 

 

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ЕКІ БІРДЕЙ БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (8-0, 7 КО) титулдық кездесу өткізді. Кеше, Ақтөбе қаласында «Tukeshov …