Қазақ елі Олимпиада ойындарында бокшыларға аса назар аударатыны сөзсіз. Себебі әлемнің алды саналатын бокс державамызда чемпиондар жетерлік.
Осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында өткен ойындарында Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдегер атанған болатын. 81 кг салмақ дәрежесіндегі боксшымыз алтынға бір қадам қалғанда тоқтаған еді. Лондондағы финалдық бәсекеде 15:15 есебімен жеңіс ресейлік Егор Мехонцевке берілді.
Екі рет қатарынан әлемнің күміс жүлдегері, Азия ойындары мен Азия Чемпионатының алтын жүлдегері бұл жолы тек жеңіс үшін ғана Риоға келгенін айтты.
Биыл Әділбекке Хулио Сезар Ла Круз (Куба), Эхсан Рузбахани (Иран), Эльшод Расулов (Өзбекстан), Хрвое Сеп (Хорватия) және тағы да басқа атақты боксшылармен кездеседі. Сонымен қатар бұл салмақта оған камерундық кәсіпқой-боксшы Хассан Н’Дам Н’Жикам бәсекелес болуы мүмкін. Ол Венесуэлада олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.
81 келідегі барлық боксшылар тізімі:
Abdelhafid Benchabla.
Teymur Mammadov.
Mikhail Dauhaliavets.
Michel Borges.
Hassan N´Dam N´Jikam.
Juan Carlos Carrillo.
Hrvoje Sep.
Julio Cesar la Cruz.
Carlos Andres Mina.
Abdelrahman Salah.
Mathieu Bauderlique.
Serge Michel.
Joshua Buatsi.
Ehsan Rouzbahani.
Joe Ward.
Valentino Manfredonia.
Adilbek Niyazymbetov.
Erkin Adylbek Uulu.
Hassan Saada.
Peter Mullenberg.
Petr Khamukov.
Mehmet Unal.
Denys Solonenko.
Kennedy Katende.
Elshod Rasulov.
Albert Ramirez.
25 боксшының қайсы жолықса да шаршы алаңда Әділбек тосылып қалар емес. Ниязымбетов Лондон финалында кеткен есені қайтарып, алтынға қол созсам деген арманы орындалсын дейміз!!!
Дайындаған: Қ. Мақсат
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт