Әлем бойынша Олимпиада жүлдегерлеріне қандай көлемде сыйақы беріледі?
Әлем бойынша ең мырза ел Әзірбайжан атанып отыр. Олар Олимпиада чемпионына 510 мың доллар бермекші.
Екінші орында Тайланд елі. Олар чемпионға 314 мың доллар төлейміз дейді. Бір айта кететіні спортшы оны 20 жыл бойы бөліп алады.
Үшінші орында Қазақстан. Біздің чемпионға үкімет 250 мың доллар бермекші. Кейінгі орындарда Филиппин 237 мың доллар және Өзбекстан 200 мың доллар.
2012 жылғы Олимпиада ойындарында рекорттық көлемде чемпиондарына сыйақы беруге уәде берген Сингапур елі болатын. Бірақ оларда чемпион болмағанына байланысты 800 мың доллар ешкімге бұйырмады. Биыл Сингапур бар болғаны 50 мың доллармен шектеліп отыр. Қытай елі де осы көлемде сыйақы бермекші.
Ресейліктер чемпионға беретін сыйақы көлемін Лондондағы Олимпиадамен салыстырғанда 3 есе кемітіп тастаған. Чемпионға 70 мың доллар беріледі. Поляктар да 38 мың доллармен шеттеліп отыр.
Негізінде әлемнің дамыған елдерінде Олимпиада жеңімпаздарына ешқандай сыйақы қарастырылмаған.
АҚШ-та Олимпиада ойындарында күміс пен қола медаль алған спортшыларға ешқандай сыйақы берілмейді. Тек чемпиондарға ғана 25 мың доллар береді.
Экономикалық жағынан дамыған Еуропа елдері өте аз көлемде сыйақы береді. Мысалы Германия мен Австрия Канада сияқты 20 мың доллармен шеттелген. Франция — 50 мың доллар. Ұлыбритания мен Швеция елдерінде мүлдем сыйақы қарастырылмаған. Билік өкілдері ақшаны балалар спортына аударып, Олимпиада жүлдегерлеріне демеушілер сыйақы береді деп отыр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт